Қазақстанда 70%-ға жуығы ескірген көліктер – Статистика
Фото: pixabay.com
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде ескірген көліктер көп. 10 жылдан асқан көлік саны автопарктің 67%-ын құрайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 6,4 миллионға жеткен.
Олардың ішінде:
- жеңіл көліктер – 86,6%;
- жүк көліктері – 9,6%;
- автобустар – 1,8%;
- мотокөлік құралдары – 2%.
Үш жылдан аспаған көліктердің саны – 453,1 мың (яғни жалпы автопарктің 7%-ы). 3 жылдан 10 жылға дейінгі көліктер – 1,6 миллион бірлік (25,8%). Ал 10 жылдан асқан көлік саны – 4,3 миллионнан асады. Бұл автопарктің 67%-ын құрайды.
2025 жылдың маусым айында қазақстандықтар тіркеуге қойған көлік саны – 159,2 мың бірлік. Оның ішінде:
- жеңіл көліктер – 143 мың;
- жүк көліктері – 9,8 мың;
- автобустар – 1,3 мың;
- мотокөліктер – 5,1 мың бірлік.
Қапшағайда гидроскутер "үрлемелі диванға" соқтығысты: Әйелдің қуығы жырылып, қыз есін жоғалтқан
15 жастағы қыздың жамбас сүйектері бірнеше жерден сынып, жадынан айырылған
Әріптесінің хабарламасы алматылықты тротуарға құлаған бетон плитадан құтқарып қалды
Оқиға кезінде ол әріптесінің хабарламасына жауап беру үшін бір сәтке тоқтап үлгерген