Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда автокөлік сатудың қылмыстық жолдары белгілі болды

Ішкі істер министрлігі қылмыскерлердің Ресейден несиеге сатып алған көліктерді Қазақстанға қалай алып келіп, оларды сататыны туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазіргі кезде ең кең тараған схемалар - лизинг, несие және автокөлікті жалға беру қызметтері. Мысалы, жақында көптеген адамдар ресейлік азаматтармен қарым-қатынас кезінде келеңсіз жағдайларға тап болған. Онда қылмыскерлер көлікті жалға алып, бірінші айда олар лизингке немесе несиеге төлеп жүреді де содан кейін көлікті Қазақстан аумағына кіргізеді. Сосын көлік құралын біздің аумақта сатып, ұрланған көлікті қазақстан азаматтарына тіркейді" ,- деді ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов брифингте.

"Осыдан кейін лизингтік компания көлікті іздей бастайды, бірақ оның жоқ екеніне көз жеткізеді. Осыған байланысты, лизингтік төлем тоқтатылғаннан кейін автокөлік іздеу тізіміне енгізіледі. Көлікті жалға алу бойынша да осындай ұқсас айлалы әрекеттер қолданылады" ,- деп қосып өтті ол.

Сондай-ақ, ол 16-22 тамызда Ішкі істер министрлігі "Автомобиль" кодымен кең ауқымды шара өткізгенін айтып өтті. 4,6 мың полиция қызметкері 4,6 мың қызмет көрсету станциясын, жеке автосалондарды, гараж кооперативтері мен автотұрақтарды тексеріп, 95 автокөлік ұрлығын ашуға мүмкіндік алған. Олар сондай-ақ, автокөлік бөлшектерін сату орындарын анықтайтын 1756 нүктені тексеріп, тексеру барысында онда 16 жағдайда автокөліктердің ұрланған бөліктерін тауып, тәркілеген. 

Шара өткізілу барысында 110 көлік ұрлаушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылған, оның ішінде 7 қылмыстық топ бар.

Талқылау