Қазақстанда автогаз бағасын кәсіпкерлердің өзі бекітетін болады
Энергетика министрлігіне ұлттық экономика министрлігімен және әділет министрлігімен бірлесіп, автогаз құю станцияларында сұйытылған мұнай газын өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде "Автогаз құю станцияларында автокөлікке құюға арналған
сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын белгілеу
туралы" бұйрық қабылданған.
Алайда бұл заңды қолдану уақытша тоқтатылып, мемлекет сұйытылған газ бағасын уақытша бақыламайтын болады.
"Атамекен" ҰКП салалық қауымдастықтармен бірлесіп, кәсіпкерлерді қолдау
мақсатында мемлекеттік органдарға бұйрықтың қолданылу мерзімін анықтау
бойынша бірнеше рет ұсыныс жасаған болатын. Бұйрықтың қолданылу мерзімі
ұзартылған жағдайда, кәсіпкерлер қызметкерлерінің қысқару тәуекелі
туындауда.
Осы бұйрыққа сәйкес бұйрықтың соңғы мерзімі 2021 жылдың 1 наурызына
дейін белгіленді.
Намаз оқып, қызды салауатпен ұзатқан: Қазақстандықтар арасында тойдағы әрекет талқыға түсті (видео)
Жаңаөзендегі тойда дәстүрлі ән мен биге басымдық берілмеген
"Домбыра – харам, Наурызды тойлауға болмайды": Қоғамды дүрліктірген діни уағыздар және оған ҚМДБ не дейді
ҚМДБ өкілдері дінді насихаттауда шектен шықпауға шақырды