Қазақстанда аурудың жаңа түрі тіркелмек
Қазақстандық депутат Елнұр Бейсенбаев лудоманияны ресми ауру түрі ретінде тіркеуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Мәжілісмен Елнұр Бейсенбаев айтқандай, құмарлықтың бұл түрін ауру ретінде қарастыру керек.
"Заң жобасы аясында біз тұжырымдамалық аппаратқа, жалпы денсаулыққа қатысты барлық заңдарға "ойынға тәуелділік" сияқты ұғымды енгізгіміз келеді. Бұл ресми түрде ауру түрлерінің қатарына енеді", – деді Бейсенбаев Мәжіліс сыртында.
Депутат бүгінде оңалту орталықтары ойынға тәуелді науқастарды лицензиясыз емдейтінін де қосты. Бұл қызмет те заңмен реттелуі керек.
Еске салсақ, Бейсенбаев осыған дейін Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге құмар ойындарын ойнауға тыйым салу қажет екенін айтқан.
Фельдшерлердің мәселесін көтерген қазақстандық жындыханадан бір-ақ шыққанын айтты
Өмірбек Мұхаммадтың жедел жәрдем қызметінде бес жылдық еңбек өтілі бар
Төрт тілде еркін сөйлейтін қазақстандық жігіт ауылда мал бағып жүр
Әділет: "Әкем мал шаруашылығында, анам тазалықшы, тіл курсына артық қаржы болмады"