Қазақстанда әуе апаттарын зерттейтін орган құрылады
Қазақстанда әуе апаттарын тексеретін орган құрылмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ТЖМ
Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" заңына толықтыру енгізіліп жатыр. Толықтыруларда әуе апаттарын зерттейтін органы пайда болатыны айтылады.
"Авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті органының жарғылық капиталына 100% мемлекет қатысады. Азаматтық және эксперименттік авиацияның авиациялық оқиғалары мен оқыс оқиғаларын тергеп-тексеруді ұйымдастыруға және жүргізуге жауапты болады", — делінген хабарламада.
Заңнамалық тұрғыда "тергеу рәсімдері" терминін бекіту көзделіп жатыр.
Авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті орган не істей алады:
- Авиациялық пен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеруге байланысты мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге жәрдемдеседі;
- Авиациялық оқиғалары мен оқыс оқиғаларын тергеп-тексеруді ұйымдастыруға және жүргізуге қатысады;
- Мемлекеттік әуе кемелерінің басқа мемлекеттердiң аумағында болған авиациялық оқиғалары мен инциденттерiн тергеп-тексеруге қатысады;
- Авиациялық және оқыс оқиғалардың алдын алу немесе олардың зардаптарын келешекте азайту мақсатында ұсынымдар шығарады;
- Авиациялық оқыс оқиғалар туралы статистикалық деректердi жүргiзедi;
- Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымдарымен статистикалық деректермен алмасады;
- Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеруге жауапты шет мемлекеттердің органдарымен және халықаралық азаматтық авиация ұйымдарымен ынтымақтасады;
- Авиациялық пен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру мәселелері бойынша Қазақстанның мүдделі мемлекеттік органдарымен ынтымақтасады;
- Тергеу кезінде дәлелдемелердің сақталуын қамтамасыз етеді;
- Ұшу қауіпсіздігі туралы құпия ақпаратты қорғауды қамтамасыз етеді;
- Авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру рәсімдерін әзірлейді және бекітеді;
- Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасының тергеп-тексеру мәселелері бойынша Халықаралық азаматтық авиация ұйымыныңстандарттары мен ұсынылатын тәжірибесіне сәйкестігін бақылайды;
- Халықаралық азаматтық авиация ұйымының стандарттары мен ұсынылатын тәжірибесінен бар айырмашылықтар туралы Халықаралық азаматтық авиация ұйымын уақытылы хабардар етіп, оларды аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жариялайды;
- Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша ұсынымдарды бақылайды.
"Апат оқиғаларын тергеу органы өз мақсаттарына жету үшін қауіпсіздікті арттыру және аварияларды тергеуге жауапты органдар мен авиациялық әкімшіліктер арасындағы ынтымақтастықты белсенді түрде ынталандыру мақсатында басқа мемлекеттердің тиісті органдарымен ынтымақтасады және келісімдер жасайды", – делінген құжатта.
Қазақстанда 2025 жылдың соңына қарай әуе апатын тергеу органы құрылады деген болжам бар.
Айта кетейік, 2024 жылдың 25 желтоқсанында Әзірбайжан әуе жолдары компаниясына тиесілі Embraer E190AR ұшағы Ақтау қаласындағы әуежай маңында апатқа ұшыраған еді. Бортта 67 адам болған. Оның 38-і қаза тауып, 29 адам аман қалды. Euronews, Reuters сияқты әлемдік басылымдарда Ақтаудағы ұшақ апатына ресейлік зымыран себеп болғаны туралы ақпарат жарияланды. Ақпаратты Әзірбайжан үкіметіндегі дереккөздер растаған.