Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ауаны ластайтын көліктерге салынатын айыппұл бес есеге өседі

Қазақстанда 2021 жылдың шілде айынан бастап мөлшерден тыс зиянды түтін мен қатты дауыс шығаратын көліктері үшін жүргізушілердің төлейтін айыппұл көлемі бес есе артады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімшілік құқық бұзушылық кодексіндегі экологиялық мәселелерге қатысты түзетулерге қол қойды. Өзгерістер 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, ластаушы заттарды шығаратын және шу шығаратын көліктің белгіленген стандарттарға сай келмегені үшін айыппұл салынады.

Сонымен қатар, 2014 жылы шығарылған автокөліктердің иелері көлікті тексеруі керек. 

"Жол қозғалысы туралы" заңға сәйкес автомобиль көлігі саласындағы кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын, оның шығарылған жылын қоса есептегенде жасы жеті жастан аспайтын автомобильдер үшін жыл сайынғы техникалық байқаудан өтпеуге жол беріледі. Осылайша, 2014 жылы шығарылған автомобильдер үшін бұл мерзім аяқталды. 

Еске салсақ, осыған дейін Нұр-Сұлтанда бұдан былай "Сергек" жүйесінен айыппұлдар есептен шығарылмайтыны туралы жазған болатынбыз. 

Талқылау