Қазақстанда арнайы ХҚКО-лар қайтадан өз жұмысын бастады
Қазақстанда арнайы ХҚКО-лар автокөлік иелеріне қайтадан мемлекеттік қызмет көрсетуді бастады. Жүйе қалпына келтірілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жүйедегі ақау салдарынан қазақстандықтар жүргізуші куәлігін ала алмай қалған. Оған қоса, автокөлік иелері көліктерін тіркеу мүмкіндігінен айырылды.
"Жүйедегі ақаулар жойылды. Жүйе толығымен істен шыққан болатын. Ішкі істер органдарының мамандары мәселені тезірек шешу үшін ауқымды жұмыстар жүргізді", - деп түсіндірді басқарма басшысы Әділ Қожихов.
Ол арнайы орталықтардың қызметкерлері тоқтап тұрған кезде жиналған барлық өтініштерді тез арада өңдеуге тырысатынын және қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайтынын айтты.
25 мамырда ішкі істер органдарының ақпараттық жүйесіндегі техникалық ақауларға байланысты Қазақстанның арнайы орталықтарында автоқызметтер қол жетімсіз болған. 27 мамырдан бастап барлық арнайы ХҚКО штаттық режимде жұмыс істей бастады.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды