Қазақстанда алдағы үш күнде екпінді жел күтіледі
Қазақстанның 2021 жылдың 19-21 тамызына арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Антициклонның әсерінен, Қазақстанның бүкіл аумағында жаңбырсыз ауа райы күтіледі. Тек шығыс пен оңтүстік-шығыста, фронтальді бөліктердің өтуімен қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел болжанады. Солтүстікте 23-30 градусқа, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 25-40 градусқа, орталық пен шығыста 17-35 градусқа дейін ауа температурасының жоғарылауы күтілуде. Ал Қазақстанның батысында болса, ыстық ауа райы сақталады және негізгі фондық температура 32-41
градус аралығын қамтитын болады”, – дейді синоптиктер.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі