Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алдағы қыс қандай болады

«Қазгидромет» синоптиктері алдағы қыс қандай болатынын айтты. Мамандардың болжамынша, қыстың алғашқы екі айында еліміздің басым бөлігінде ауа райы салыстырмалы түрде жылы болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстанда алдағы қыс қандай болады

«Алдын ала болжам бойынша қараша айында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1°С жоғары, тек еліміздің батыс және шығысында норма шамасында болады деп күтіледі. Жауын-шашын мөлшері республикамыздың басым бөлігінде норма шамасында, тек қиыр оңтүстікте және солтүстік-шығыс аудандардың кей жерлерінде нормадан көп, республикамыздың оңтүстік-батысында нормадан аз болады деп болжанады», - дейді гидрометорталықтың директоры Марина Шмидт.

Биылғы қыс қандай болады: Жұлдыз жорамалшылар мен табиғатпен тілдесетіндердің болжамы >>>

Оның сөзінше, қыстың алғашқы екі айында республикамыздың басым бөлігінде салыстырмалы жылы ауа райы болады деп болжанып отыр. Сонымен қатар ауа температурасы климаттық нормадан 3-5°С-қа төмен күндер де болуы мүмкін.

«Қазақстан аумағы бойынша циклондардың және олармен байланысты атмосфералық фронттардың жиі өтуіне байланысты желтоқсан айы жауын-шашынды болады деп болжанады», - дейді Шмидт.

Ал гидрометорталықтың ауа райын ұзақ мерзімге болжау басқармасының басшысы Жұлдыз Исабекова атап өткендей, ақпан айында Карск теңізі аудандарынан суық ауа массаларының жиі басып кіруі және Сібір антициклонының орнатылуымен Қазақстан аумағындағы ауа температурасы нормадан 1-2°С төмен болуы ықтимал. Республиканың оңтүстік-батыс бөлігінде жауын-шашын аз болады, солтүстік-шығыс бөлігінде норма шамасында болады деп күтіледі.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Қатты ауырдым. Гормон таблеткаларын іштім": Айдана Меденова мінсіз сұлулыққа қалай қол жеткізгені туралы

"Артық салмақ қосып алдым"

Марғау 20 минут бойы жұмыс істеп тұрған кір жуғыш мәшиненің ішінде қалып, одан аман шыққан

Мысықтың иесі оны байқамай, қондырғыны іске қосып жіберіпті

Қарағандыдағы ұрланып, кейін қаза болған баланың анасы өлім жазасын талап етіп отыр

Полиция дұрыс әрекет етсе, балам тірі жүрер еді

Нұржан Қалжан: Хайп жасап атымды шығармай-ақ қойдым

Әнші өзінің хайп қумайтындығын жасырмады

«Орыстың қыздарына мүлдем бармаймын»: Мұқасан Шахзодаев қазақ аруларын ерекше бағалайтынын айтты

Әнші оған қоса ішімдік ішетіндігін де жасырмады

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы: Қазақстан – көпұлтты мемлекет емес

"Қазақ жерін иемденген жалғыз ұлт - қазақ"

Қазақстандықтардың шетелдік сайттардан зат сатып алуы қиындайды: Жаңа ереже 1 қаңтардан бастап іске қосылады

Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді

Мұқасан Шахзадаев: Жұбайының өзі Нұрланды мен сияқты білмейді

Отыз жылға жуық уақыт бір-бірімізді танимыз

Талдықорғанның көшелерінде бірнеше азамат көкпар ұйымдастырған (видео)

Оқиға 9 желтоқсан күні орын алған

34 жастағы филяндиялық әйел ең жас премьер-министр атанбақшы

Санна Марин жаңа қызметіне президент қол қойған соң барып кіреседі
Çàãðóçêà...