Қазақстанда 9 мамырға орай Ұлы отан соғысының ардагерлеріне қандай төлем жасалатыны белгілі болды
Қазақстанда 9 мамырға орай Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне төлемақы жасауға 6,4 миллиард теңге жұмсалады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукеновтің айтуынша, барлық өңірлерде ардагерлерге миллион теңгеден төленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Соңғы екі жыл ішінде ҰОС қатысушыларына бір реттік материалдық көмек стандартталды. Оларға бір миллион теңгеден төленеді. Қоршаудағы Ленинград тұрғындары мен концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына кемінде 50 мың теңге, қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің әйелдеріне, ҰОС кезінде қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне және тыл еңбеккерлеріне кемінде 30 мың теңге төленеді. Төлемдер барлық өңірлерде жүргізіледі. Мысалы, 14 өңірде төлем жүргізіліп бітті, қалған үш өңірде 9 мамырға дейін аяқталады", - деп хабарлады Әукенов ОКҚ онлайн-брифингінде.
Сондай-ақ, ол өзге әлеуметтік төлемдерге қарамастан, азаматтардың 20 санаты Арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатынын айтты.
2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақыны ескере отырып, алынатын әлеуметтік төлемдердің орташа жиынтық мөлшері:
2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақыны ескергенде әлеуметтік төлемдердің орташа жиынтық мөлшері:
- Екінші дүниежүзілік соғысына қатысушылары үшін – 182 851 теңгені;
- Екінші дүниежүзілік соғысы мүгедектері үшін – 188 051 теңге;
- басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс ардагерлеріне (Ауғанстанда, Вьетнамда, Алжирде, Египетте, Иракта және т. б.) – 198 801 теңге;
- Екінші дүниежүзілік соғыс қатысушыларына теңестірілген адамдар үшін – 154 638 теңге;
- Екінші дүниежүзілік соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін-119 562 теңге; - Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне - 120 112 теңгені құрайды.
"Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар бюджет және демеушілік қаражат есебінен ардагерлерге қиын өмірлік жағдайда немесе мереке күндері материалдық көмек түрінде қосымша әлеуметтік қолдау шараларын көрсетеді. Оған тұрғын үйді жөндеу, отынмен қамтамасыз ету, қоғамдық көлікте жол жүру жеңілдіктері, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, тіс протездеу және тағы басқалар кіреді", - деді вице-министр.