Қазақстанда 635 запастағы офицер әскери қызметке шақырылады
2023 жылы әскери қызметке шақырылатын запастағы офицерлердің санын екі есе ұлғайту көзделіп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы" үкімет қаулысына тиісті өзгерістер енгізілді. Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды.
Оған сәйкес, 2023 жылы әскери қызметке шақырылуға жататын запастағы офицерлердің саны:
ҚР Қарулы күштері – 550;
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі – 60;
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі – 16;
ҚР Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы – 9.
Құжат 6 маусымға дейін қоғам талқысына шығарылды.
Айта кетері, жыл басында тиісті қаулымен запастағы 345 офицерді әскери қызметке шақыру жоспарланған болатын. Енді запастағы 635 офицер әскери қызметке шақырылмақ.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған