Қазақстанда 51 дәрігер коронавирустан көз жұмған
Қазақстанда 51 дәрігердің коронавирус инфекциясынан көз жұмғаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев айтып берді. Ол әріптестерінің отбасыларына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасты.
"Біздің санақ бойынша өкінішке орай 51 әріптесіміз көз жұмды. Олардың жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Мемлекет басшысы 13 маусым күні дәрігерлерді марапаттады. Барлығыңызға белгілі 42 медицина қызметкері тиісті марапатын алды. Өтемақыға қатысты еңбек министрлігі мен денсаулық сқтау министрлігінің талаптарына сәйкес, арнайы комиссия тексеріу жүргізіп, нәтижесінде өтемақы тағайындалады", - дейді ол.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен