Қазақстанда 40-қа жуық жүкті әйел коронавирустан көз жұмды
Қазақстанда коронавирусы бар 40-қа жуық жүкті әйел қайтыс болды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Вице-министр нәрестелердің коронавирустан көз жұмуы туралы ешқандай ақпарат жоқ екенін жеткізді. Алайда, елімізде коронавирустан көз жұмған жүкті әйелдердің тіркелгенін мәлімдеді ол.
"Бізде жаңа туған нәрестелерде коронавирустың қайтыс болуы туралы мәліметтер жоқ. Коронавирус жұқтырған және пневмониядан қайтыс болған жүкті әйелдердің статистикасы бар. Жүкті әйелдердің арасында шамамен 40 адам қайтыс болды", - деді Ажар Ғиният.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстанда коронавирустан 610 адам көз жұмғаны белгілі болды.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"