Қазақстанда 2025 жылдан бастап штаттан тыс істейтін қызметкерлер де декрет демалысына шығып, әлеуметтік төлем ала алады
2025 жылдан бастап келісімшартпен жұмыс істейтін азаматтардың құқығы штаттағы ресми қызметкерлермен тең болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Istock.com
Енді жұмыс берушілер штаттан тыс қызметкерлері үшін де әлеуметтік төлемдер аударып, декрет демалысына, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы мен мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін өзге де төлемдерді өтейді.
Бұл жаңашылдық азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмысқа тұрған әрбір қазақстандыққа қатысты. Бастама осыдан 2 жыл бұрын қолға алынған. Әлеуметтік кодекстегі өзгертулер енді 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуге тиіс.
Айта кетсек, әзірге штаттан тыс қызметкерлерге мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер аударылмайды.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі