Қазақстанда 2024 жылға арналған діни мерекелердің күнтізбесі жарияланды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2024 жылғы діни күндер кестесін бекітті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Күнтізбеге сәйкес, 2024 жылы Рамазан айы 11 наурызда басталады. Ал қасиетті Қадір түні 5 сәуірден 6-сына қараған түнге сәйкес келіп тұр. Мұсылмандардың мейрамы Ораза айт 10 сәуірге белгіленсе, Құрбан айттың бірінші күні 17 маусымға сәйкес келді.
Фото: muftyat.kz
Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа Айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертті.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді