Қазақстанда 20 қыркүйектен бастап қатаң карантин енгізіле ме? Бас санитар дәрігер жауап берді
Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова 20 қыркүйектен кейін карантин енгізу туралы қауесетке түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Есмағамбетова қазақстандықтарға тек мемлекеттік органдардың ресми ақпараттарына сенуге кеңес берді.
"Жиын өтіп, талқылаудан кейін қыркүйекте карантин енгізеді деп жүргендерге айтарым, мұндай ресми ақпарат жоқ. Барлығы да эпидемиологиялық ахуалға байланысты. Біз бүкіл елімізбен қатар әрбір өңірдегі, елдімекендегі ахуалға күнделікті мониторинг жүргіземіз. Барлық шаралар эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады", - деді республиканың бас мемлекеттік санитар дәрігері.
Сонымен қатар, ол Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал маусым және шілде айларымен салыстырғанда қазір тұрақты екенін атап өтті.
Аптап ыстық 450 мың адамның өмірін қиюы мүмкін: Эль-Ниньо Қазақстанға қалай әсер етеді?
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
"Бұрын мен басқа адам болғанмын": Балалар өткен өмірі жайлы неге көп айтады, шынымен өткен өмір бар ма?
Әлеуметтік желідегі ата-аналардың арасында да мұндай оқиғасын бөліскендер бар