Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 20-дан астам әуежай еуропалық инвесторлардың басқаруына берілмек

Еуроодақ-Орталық Азия көлік инвестициялық форумында көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстанның 20-дан астам әуежайды еуропалық инвесторлардың басқаруына беруге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Министрдің айтуынша, қазір Астана мен Алматы әуежайлары шетелдік компаниялардың бақылауында.

“Қазақстандағы қалған 22 әуежайды да жеке секторға, еуропалық инвесторлар басқаруына беруге дайынбыз. Бізде Азия мен Еуропа арасындағы транзиттік хабқа айналуға үлкен мүмкіндік бар”, – деді министр.

Сонымен қатар Қарабаев Каспий теңізінің жағасындағы Құрық және Ақтау порттары да кейін жекешелендіру мүмкіндігімен еуропалық компаниялардың басқаруына берілетінін айтты.

"Біз Орта дәлізге қатысушылар мен Еуроодақ арасында осы бағытты дамыту туралы келісімге қол қоюды ұсынамыз", – деді Қарабаев.

Сондай-ақ көлік министрі осы жылдың қыркүйек айында Астанада Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасында көлік саласындағы әріптестік бойынша ірі инвестициялық форум ұйымдастыруды ұсынды.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда жаңа 4 әуежай салу жоспарланғаны туралы жазған едік. 

Талқылау