Қазақстанда 2 мыңға жуық киік ату жоспарланып отыр
Қазақстанның төрт облысында 1 815 киік ату жоспарланып отыр. Құжат қоғам талқысына шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 2023 жылдың 15 ақпанынан 2024 жылдың 15 ақпанына дейінгі аралықта аулауға рұқсат берілетін жануарлар санын белгілемек.
Бұл аралықта 1 815 киікті ғылыми мақсатта ату жоспарланған. Олардың ішінде Ақмола облысында 705, Қарағанды облысында 700, Қостанай облысында 210 және БҚО-да 200 бас ауланады.
Тиісті заң жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланған және 7 ақпанға дейін қоғам талқысында болады.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген