Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы өседі
Премьер-министр Олжас Бектенов 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған шәкіртақыны өсіру туралы үкімет қаулысына қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Жаңа нормаларға сәйкес, колледж студенттеріне арналған шәкіртақы 50% артып, сұраныстағы кәсіптер үшін 43 574 теңге және орта буын мамандары үшін 41 896 теңге болады.
Бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20% көбейіп, 47 135 теңгеге жетеді. Ал педагогикалық және медициналық бағыттағы студенттер 75 600 теңгеге дейін алады.
Интернатура студенттері 85 376 теңге, ал резиденттер 123 122 теңге көлемінде шәкіртақыға ие болады.
Магистранттар мен докторанттардың да шәкіртақылары тиісінше 15% өспек. Олар 107 061 теңге мен 240 000 теңге аралығында болмақ.
2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бакалавриат студенттерінің стипендиялары 20%, ал магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15% көбейеді.
Маска мен мұрын фильтрі алматылықтарды лас ауадан расымен қорғай ма: Мамандар құралдардың қайсысы тиімді екенін түсіндірді
Масканың көмегі болуы үшін оның FFP2 немесе N95 түрін таңдау керек
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты