"Петиция қаралмайтын болды": Қазақстан утиль алым мөлшерлемесін өзгертуден бас тартты
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілі Әділбек Бектібаев петицияда көрсетілген уәждердің шындыққа сәйкес келмейтінін алға тартып, ұсынысты қанағаттандырудан бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Promekoservice.ru
Утиль алым мөлшерлемесін өзгертуден бас тарту туралы шешім төлемді өзгерту туралы өтінішті қоғамдық талқыға салғаннан кейін қабылданды. Сонымен қатар жобаны талқылау барысында қосымша негіздеме келтірілмеді.
Петицияда мынадай ұсыныстар қойылды:
- Утиль алым мөлшерлемесін 100 мың теңгеден асырмау;
- Көлік құралдарының басқа санаттары үшін қайта өңдеу салығының мөлшерін 0 теңгеге дейін төменту (ауыл шаруашылығы техникасы үшін бұл төлемді толығымен жою);
- Көлік құралдарын бастапқы тіркеу мөлшерлемесін 0,25 АЕК-ке дейін төмендету.
Соңғы шешімді бірнеше күннен кейін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жариялайды.
Еске салайық, 10 мамыр күні "ҚР Халқы утильсборға және алғашқы тіркеуге қарсы" атауымен жарияланған петицияны 500 000 мыңнан астам адам оқып, 50 мыңы петицияны қолдап, қол қойған еді. Министр Қанат Шарлапаев утиль алымға қарсы петиция авторларын сынға алған еді.
Өмірі ауруханаға бармаған 100 жастағы ата ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты
Ұзақ өмір сүрудің құпиясы қымбат дәрі-дәрмек пен ерекше күтімде емес
"Азық-түлік екі есе арзан, вирус жоқ": Қазақстандық жігіт отбасын алып табысы төмен Африка аралына көшіп кеткен
Сұлтан: “Арал президенті көршім, ол қарапайым, күзетшісіз жүреді”