Қазақстан ТМД-дағы ең бейбіт ел атанды
Қазақстан "Экономика және әлем институты" аналитикалық орталығы жариялаған жаһандық бейбітшілік индексінде (Global Peace Index) 70-ші орынды иеленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанды посткеңестік кеңістіктегі ең бейбіт ел деп атады.
"Қазақстан – "Ресей және Еуразия" тобындағы (оған ТМД елдері кірді) ең бейбітшілікті сүйетін ел және 2020 жылғы рейтингте 70-ші орынды иеленеді. Алайда "күзет және қауіпсіздік" көрсеткіштері бойынша күрт құлдырау байқалды", - делінген хабарламада.
Молдова Қазақстаннан кейін – 71-ші орында, Қырғызстан – 93-ші орында, Беларусь – 94-ші орында, Грузия – 95-ші орында, Армения – 99-шы орында, Түрікменстан – 116-шы орында, Әзірбайжан – 120-шы орында, Украина – 148-ші орында тұр.
2019 жылы Қазақстан жаһандық бейбітшілік индексінде 64 орынға ие болды.
Қазақстандық оқушыны спорттық аяқ киіммен барғаны үшін мектепке кіргізбей қойған
Анасы: "Жолда оған бірдеңе болып қалса ше? "
Алматы облысында ер адамды мопед қағып, көз жұмды: Туыстары іс қозғалмай жатқанына наразы
Алматы облысында ер адамды мопедпен қағып өлтірген жасөспірімге ешқандай іс қозғалмайды