"Қазақстан темір жолы" жұрттың көңіліне тиген "ұятсыз" жарнамасы үшін кешірім сұрады
"Қазақстан темір жолы" ұйымының мерекелік жарнамасы елордалықтардың ашуын келтірді. Елді шулатқан бейнеролик жайлы мекеме өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Халықаралық әйелдер күніне орай ұйым ғимаратының сыртына орналастырылған жарнама көптің сынына қалды. Өз кезегінде мекеме өкілдері бұл әрекеттері үшін кешірім сұрады.
"Ролик әлеуметтік желіде тұрғындардың қызу талқысына түсті. Кейбір азаматтарға жарнама жақпаған сыңайлы. Біз жарнамаға байланысты туындаған жағымсыз көңіл-күй үшін кешірім өтінеміз. Жарнаманы жариялар кезде біздің ойымызда әйелдер қауымын ренжіту болған жоқ", - деді "ҚТЖ" өкілдері.
Бұған қоса, ұйымдағылар ерлермен бірге табандылықпен ауыр жұмыста еңбек етіп жүрген арулардың еңбегін жоғары бағалайтындарын жеткізді.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"