Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан стационарларында дәрі-дәрмектердің айлық қоры құрылды

Қазақстан стационарларында COVID-19 еміне дәрі-дәрмектердің айлық қоры құрылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚР Денсаулық сақтау министрілігіне сілтеме беріп. 

дәрі

Стационарларда COVID-19-дан емдеуге арналған дәрі-дәрмектердің айлық қоры құрылды. Сонымен қатар, тағы 3 айға резерв құру мақсатында отандық өндірушілерден де, импорттаушылардан да медициналық препараттарды сатып алу рәсімдері қатар жүргізіледі.

Алдағы уақытта пациенттердің болжамды саны бойынша бірыңғай дистрибьютор жыл соңына дейін барлық ауруханалар дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуі үшін қоймалар толтырылатын болады.
COVID-19-ды емдеу бойынша дәрілік заттардың 5 атауын қамтитын амбулаториялық деңгейде қосымша дәрілік қамтамасыз ету енгізіледі. Бұл шамамен 1 млн адамды қамтып, оларға 8,6 млрд теңгеден астам сомаға дәрі-дәрмек тегін береді.

Айта кету керек, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында ЖРВИ және ауруханадан тыс пневмония диагнозы қойылған 45 мың адам 21 млн теңгеден астам сомаға тегін дәрі-дәрмек алды.

Талқылау