Қазақстан Ресейге әскери техника жіберіп жатыр: Қорғаныс министрлігі түсіндірді
Қорғаныс министрлігі Қазақстан Ресейге әскери техника жіберді деген жаңалыққа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылдың 6 сәуірінде Қарағанды облысында түсірілген, әскери техниканың тасымалданып жатқаны бейнеленген видео әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарады. Бейнежазбада әскери техниканың Ресейге жіберіліп жатқаны жазылған.
Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Әлеуметтік желілерде қазақстандық әскери техниканың Ресейге жөнелтілгені ақпарат шындыққа жанаспайды. Әлеуметтік желіде тараған видеодағы техника жоспарлы жауынгерлік дайындық сабақтарынан жіберілген. Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 27 тамызынан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынды", – делінген хабарламада.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан