Қазақстан мен Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған тоғыз адам ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан мен Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған 9 пәкістандықтың ұсталғанын мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҰҚК мәліметінше 2023 жылдың 15 ақпанында Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері ҰҚКД және Меркі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп Қазақстан – Қырғызстан мемлекеттік шекарасы арқылы Қазақстан аумағына заңсыз кірмек болған Пәкістан Ислам Республикасының 9 азаматын ұстаған.
Қазіргі таңда ұсталғандарға қатысты құзырлы орган сотқа дейінгі тергеу бастады.
"Бір бие, бір жабағыдан бастадық": 40 жылдан бері жылқы баптап жүрген отбасы қымызмұрындықтың мәнін түсіндірді
Қастерлі Жолдыбалина бала күніндегі қымызмұрындықтың қазіргі мерекеден өзгеше болғанын айтады
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып