Қазақстан мектептерінде жаңа пән енгізілмек
2022-2023 оқу жылында барлық мектепте еңбекке баулу сабақтары оқытылады. Бұл туралы сенатта өткен парламенттік тыңдауда вице-премьер Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мектепке қайта оралатын пән 1-сыныптан бастап оқытылады деген жоспар бар.
"Балаларды тәрбиелеу кезінде еңбекке баулудың маңызы зор. Оны бәріміз жақсы білеміз. Сондықтан жаңа оқу жылында 1-сыныптан бастап "Еңбекке баулу" пәні қайта енгізіледі", – дейді Тоғжанов.
Вице-премьердің айтуынша, қазіргі кезде республикадағы мектептердің 7 проценті өз аумағында жылыжай ашқан. Үкімет осы тәжірибені кеңейтіп, жылыжайларды барлық мектепте ашуды жоспарлап отыр. Сол жерде оқушылар жұмыс істейді.
Бұдан бөлек, мектептерде кәсіптік бағдар беретін мамандар болады. Олар оқушыларға болашақ мамандықты таңдауға көмектеседі.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"