Қазақстан құрамасының спортшысы велотректен Азия чемпионатында жүлде алды
Малайзияда өтіп жатқан велотректен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының спортшысы Кирилл Курдиди жүлде жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: olympic.kz
Отандасымыз 1000 метрлік қашықтықтағы гидте бәсекеге түсті. Нәтижесінде мәреге 1 минут 0,666 секундта жетіп, қола жүлдені ұтты.
Бұл сайыста алтын медальды Жапония спортшысы Рюто Итида иеленді. Ал күміс жүлде Қытай велошабандозы Ци Люге бұйырды.
Бұған дейін, Қазақстан құрамасы командалық бәсекеде Азия чемпионатының қола жүлдесіне ие болған еді.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”

