Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасының 7 боксшысы әлем чемпионатының алтынына таласады

Қазақстандық боксшылардың жетеуі Черногорияның Будвада қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҚБФ

Черногорияның Будвада қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем біріншілігінің финалында Қазақстан намысын 7 боксшы қорғайды. Оның төртеуі ұл болса, үшеуі қыз. Финалдық жекпе-жектер 2-3 қараша аралығында өтеді.

Қазақстандық боксшылардың финалдағы қарсыластары:

51 кг: Бексұлтан Боранбек – Джастин Морено (Колумбия);

67 кг: Төрехан Сабырхан – Давид Эспиноза Сантоя (Куба);

71 кг: Өнер Сейілхан – Алексей Гуков (Ресей);

75 кг: Санжарәлі Бегалиев – Джафарбек Шахбазов (Өзбекстан);

50 кг: Елянұр Тұрғанова – Карла Пики (ХБА бейтарап спортшысы);

66 кг: Ұлдана Таубай – Кайла Дойл Бирн (Ирландия);

81 кг: Аружан Зейноллаева – Рухшона Папиева (Өзбекстан).

Айта кетейік, Будва бәсекесінің жартылай финалында Қазақстан құрамасы сапынан 17 спортшы (8 ер, 9 әйел) сынға түсті. Оның ішінде 10 боксшы жеңіліске ұшырап, қола жүлде еншіледі. 

Талқылау