Қазақстан құрамасында еркін және әйелдер күресінің бапкерлері ауысады

Күрес түрлерінен ұлттық құрамада бапкерлік құрамға қатысты өзгерістер енгізілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sportbugin.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Мәліметтерге сәйкес, еркін және әйелдер күресі бойынша бас бапкерлер ауысады.
Әйелдер күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне Әділет Ермаков тағайындалады деп отыр. Ол осыған дейін жастар құрамасында аға жаттықтырушы болып еңбек етті.
Ал еркін күрестен ұлттық құраманы Аслан Байғұлов басқаруы мүмкін. Ол да ұзақ уақыт бойы жастар командасымен жұмыс жүргізген маман.
Айта кетейік, бұған дейін еркін күрес құрамасын Мадияр Құрамысов, ал әйелдер күресінен ұлттық команданы Қайрат Сағадиев жаттықтырған еді.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”

