Қазақстан құрамасы үстел теннисінен өтіп жатқан әлем чемпионатында қарсыластарына есе жіберді
Қытайдың Чэнду қаласында үстел теннисінен командалық әлем чемпионаты басталды. Осы жарыстардың ашылу матчында Қазақстан құрамасының теннисшілері Германия ойыншыларынан 0:3 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

Әлемдік рейтингте 28-ші орында тұрған Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Бенедикт Дудамен кездесті.
Қарағандылық спортшы 4 партияда жеңілді, есеп: 1:3. Басқа отандық спортшылар да қарсыластарын жеңе алмады. Денис Жолудев Данг Киуға — 0:3, Алан Құрманғалиев Рикардо Вальтерге (74) — 0:3 есебімен есе жіберді.
Қазақстан құрамасы келесі ойынды 1 қазан күні 2022 жылғы әлем чемпионатының ашылу кезеңінде француздармен өткізеді.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді

