Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан футзал құрамасы Нидерландыны жеңіп әлем чемпионатына жолдама алды

14 желтоқсанда футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Нидерландыны жеңіп, Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Казахстан футзал

Астанада өткен кездесуде Қазақстан Нидерланд құрамасын 2:0 есебімен жеңді. Голдарды Біржан Оразов (1-минут) пен Дуглас Джуниор (7-минут) соқты.

Осы жеңістің арқасында Қазақстан 15 ұпай жинап, А тобында бірінші орынмен әлем чемпионатының финалдық кезеңіне өтті. Қазақстан құрамасы Румыния, Әзербайжан, Нидерланд бар іріктеу тобынан уақытынан бұрын жолдамаға иеленді.



Осылайша 20 желтоқсанда Бухарестте өтетін Рикардо Кака шәкірттері мен Румыния арасындағы келесі кездесудің Қазақстан құрамасы үшін аса маңызы болмайды.

Талқылау