Қазақстан құрамасы ганболдан Азия чемпионатын жеңіспен бастады
Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан Азия чемпионатында Қытайды жеңді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы кездесуін өткізіп, жеңіске жетті. Қазақстан құрамасы А тобында өнер көрсетуде. Бұл топқа Қытай, Сингапур және Оңтүстік Корея құрамалары кіреді. Отандастарымыз топтық кезеңді Қытай командасына қарсы ойынмен бастап, кездесу қазақстандықтардың пайдасына 28:26 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының келесі матчын 4 желтоқсанда Оңтүстік Корея құрамасына қарсы өткізеді.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды

