Қазақстан құрамасы Азия ойындарында алғашқы алтынды жеңіп алды
Шорт-тректен ерлер командасы 5000 метрлік эстафетада жеңіске жетіп, бас жүлдені иеленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото:Туризм және спорт министрлігі
Харбиндегі Азия ойындарында шорт-тректен 5000 метрлік эстафетада Қазақстан ерлер құрамасы топ жарды.
Команда сапында Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Нәсен, Абзал Ажғалиев және Глеб Ивченко бар.
Айта кетейік, бұл Қазақстан шорт-трегі тарихына Азия ойындарындағы алғашқы алтын медаль. Бұған дейін тек күміс, қола жеңген еді.
Айта кетейік, бұған дейін Еске салсақ, Қазақстан құрамасы қысқы Азия ойындарынан алғашқы жүлдесін иеленген еді. Одан кейін қазақстандық конькиші қола медаль жеңіп алды. Кейіннен Шаңғышы Константин Борцов қысқы Азия ойындарында спринт жарысында қола медаль жеңіп алды.
Ал шаңғышы Аяна Жолдас фристайл-акробатикадан қола жүлдені жеңіп алды.
Шорт-трекші қыздарымыз Харбиндегі қысқы Азия ойындарында 3000 метрлік эстафетада күміс медаль иеленді.