Қазақстан құрамасы қысқы Азия ойындарынан алғашқы жүлдесін иеленді
8 ақпанда Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында Қазақстан спортшылары алғашқы медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шорт-трекшілер аралас эстафетада күміс медальға қол жеткізді.
Финалда Алина Әжғалиева, Яна Хан, Денис Никиша және Әділ Ғалиахметов мәреге екінші болып жетті. Жеңімпаз Оңтүстік Корея спортшылары болса, қола жүлде жапониялық қарсыластарына бұйырды.
Қытай спортшылары үздік үштікке ене алмады. Бұл 2025 жылы Харбинде өтетін Азия ойындарында табысталған алғашқы медальдар жинағы болды.

"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен
