Цой: Қазақстан коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатыр
Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін COVID-19 ықтимал жаңа толқынына дайындық шараларын бастап кетті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой желідегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда қазан айында 13 модульдік инфекциялық стационар салу жоспарлануда. Оған қоса, еліміздің дәріханаларына 10 млн-нан астам дәрі-дәрмек жеткізілген.
"Бірыңғай дистрибьютор республиканың медициналық ұйымдарын айлық дәрі-дәрмек қорымен қамтамасыз етіп, 30 қыркүйекке дейін 24 млрд теңгеге қосымша екі айлық қор құрады. СК-Фармация негізінде Республикалық тұрақтандыру қоры, сондай-ақ 11 өңірлік тұрақтандыру қоры құрылды", - дейді Цой.
Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласы толыққанды техникамен жабдықталып, науқастармен жұмыс жасауға дайындалып жатыр.
"Ауруханаларды толық жарақтандыру үшін қосымша 2 578 ӨЖЖ аппараты, оның ішінде 1500 отандық тауар өндірушілерден, 1078 жергілікті бюджет, демеушілік көмек және Дүниежүзілік банк қаражаты есебінен сатып алынады. 23 890 төсек-орын оттегімен қамтамасыз етіледі, оның ішінде 13 153-і оттек концентраторлары арқылы қамтамасыз етіледі. 2020 жылдың қазанына дейін еліміздің барлық аудандық ауруханаларын сандық рентген аппараттарымен 100% қамтамасыз ету жоспарлануда", - дейді министр.
Ведомствоаралық комиссия Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы аурухналарға ұқсас 2,7 мың төсек-орны бар жаңа 13 жұқпалы аурулар ауруханасын салу туралы шешім қабылдады.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
