Қазақстан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Сингапурда өтіп жатқан Азия чемпионатында көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы кезекті алтын медальға қол жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды.
Матадан және доппен топтық жаттығулардың финалында үздік нәтиже көрсеткен қазақстандық гимнастшылар құрлықтық біріншілікте бірінші орынды иеленді.
Қазақстан құрамасы спортшылары 26,65 ұпай жинап алтын жүлде еншіледі. Бұл бәсекеде кұміс медальды Өзбекстан құрамасы (25,15) еншілесе, ал үшінші орын — Оңтүстік Кореяға (24,25) бұйырды.
Сондай-ақ біздің команда бес лентамен орындалған жаттығуларда екінші орынды иеленді. Бұған дейін спортшылар топтық жаттығуларда көпсайыста жеңіске жеткен еді.
Айта кетейік, Азия чемпионатында Айбота Ертайқызы лентамен орындалатын жаттығуда алтын, ал көпсайыста қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ Айым Мейіржанова булавалармен жаттығуда үздік үштікке кіріп, үшінші орынды иеленді.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен

