Қазақстан қызылшаның таралуы бойынша әлем елдері арасында бірінші орында тұр
ЮНИСЕФ қорының мәліметтері бойынша Қазақстан қызылшаның таралуы бойынша әлем елдерінің арасында бірінші орында. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Соңғы мәліметтер бойынша, елде қызылша жұқтырғандар саны 20 мың 200 адамға дейін өсті.
Елорданың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Астанада жағдай ушыққанын айтты. Тәулігіне 45 вирус жұқтыру дерегі тіркеледі. Бұған дейін елордада күн сайын қызылшаның 35 жағдайы тіркелетіні хабарланды.
Науқастардың арасында вакцинацияланбаған балалардың үлесі жоғары, бұл – 67 пайыз немесе 725 жағдай. 27 пайызы – вакцинация мәртебесі белгісіз ересектер. Бас дәрігердің айтуынша, вакцина алмаған балалар 6% жағдайда ғана ауырған.
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген
Мамандар шәйнектегі қақ пен су сапасының байланысын түсіндірді: Шөгінділерге алаңдамауға кеңес берілді
Тау өзендерінен алынған су тұтынушыларға жеткізілгенге дейін 10-15 сағат тазартудан өтеді