Қазақстан Катармен әскери келісімге қол қоюды жоспарлауда
Қазақстан Катармен әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға ниетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Келісім шеңберінде бірнеше шаралар іске асырылады.
"Үкімет пен Катар мемлекетінің үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы мақұлдансын", – делінген үкімет қаулысының жобасында.
2022 жылы 12-13 қазанда Катар әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танидің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы құжатқа негіз болды.
Келісім шеңберінде тараптар бірнеше салаларда ынтымақтасады.
- Әскери білім беру және әскери қызметшілерді даярлау;
- Әскери медицина;
- Әскери ғылым;
- Әскери саладағы мәдени және спорттық іс-шаралар;
- Бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларға байланысты мәселелер бойынша консультациялар;
- Жауынгерлік даярлық;
- Тараптар өзара келіскен ынтымақтастықтың өзге де салалары.
Талқылау
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады
Айта кетейік, қараша айында "Наурыз" және "Наурыз Жұмыскер" бағдарламалары бойынша өтініш қабылдау қайта басталады
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен