Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан қанттың 60 пайызын шетелден импорттайды - АШМ

Қазақстанның қант импортына тәуелділігі өте жоғары. Еліміз қанттың 40%-ын өндірсе, қалған 60%-ы шетелден импортталады. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингіде Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Қанат Жауымбаев айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

қант“Қазақстанның қант импортына тәуелділігі өте жоғары деңгейде. Еліміз қанттың 40%-ын өндірсе, қалған 60%-ы шетелден импортталады. Оның ішінде Ресей мен Беларусь елінен жеткізіледі. Былтыр қант жеткізу проблемасы Ресейден олардың тауарды экспорттауға шектеу қоюына байланысты болды. Бұл азық-түлік қауіпсіздігінің проблемасын көрсетті. Дүкендердегі қант бағасы аз уақыттың ішінде келісіне 490 теңгеден 900 теңгеге қымбаттады”, – деді АШМ Аграрлық азық-түлі нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Қанат Жауымбаев. 

Оның сөзінше, биыл үкімет қант өнеркәсібін дамыту бойынша кешенді жоспарды қабылдаған.  

"Кешенді жоспар 33 пунктіден тұрады. Бірақ, кейбірінде талқыланатын мәселе бар. Дегенмен, қазіргі уақытта кешенді жоспарды орындау бойынша нәтижені де көре аламыз. Оның бірі – егіс алқаптарын ұлғайту. Біз 2024 жылға дейін егіс алқаптарын 25 мың гектарға дейін кеңейтуді көздеп отырмыз. Мәселен, биыл қант қызылшасын егуге арналған жер көлемі 10,1 мың гектардан 16,1 мың гектарға дейін ұлғайды", –  деді Қанат Жауымбаев. 

Талқылау