Қазақстан қалаларында блок-бекеттерден кімдерге өтуге рұқсат?
ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстан қаларындағы карантинге қойылған блок-бекеттерден кімдер өте алатыны жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"ТЖ режимі аяқталғанына қарамастан блок-бекеттердің жұмысы жалғасады. Десек те қаланың сыртында тұрып, қалада жұмыс істейтіндер мен керісінше, үйі қалада болғанымен, облыс аумағында қызметі барлар блок-бекеттерден өте алады. Олардың қолында жергілікті әкімдіктер бекіткен рұқсат қағаздары болуы керек", -деді ол.
Бұған дейін вице-премьер теміржол қатынасы әлі іске қосылмайтынын айтып кеткен болатын.
Еске салайық, 11 мамыр күні елімізде төтенше жағдай режимі аяқталды.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?
"Қызымның арманы еді": Қазақстандық аналар баласын шетелге жіберуге рұқсат етпейтін әкелерге шағымданды
Әйел: "Талантты қызым конкурсынан қалды"