Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан халқының саны өсті: Елде ерлерге қарағанда әйелдер көп

Ұлттық статистика бюросы 1 маусым бойынша Қазақстан халқының санын жариялады. Жаңартылған деректерге сенсек, елімізде 20 139 914 адам бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Сamonitor.kz

Бюроның мәліметіне сенсек, жыл басында елімізде 20 033 842 адам тіркелген. Сөйтіп қазақстандықтардың саны 5 айда 100 мыңнан асты.

Еліміздің ең тығыз қоныстанған өңірлері бестігіне Алматы (2 253 502 адам), Түркістан облысы (2 149 210 адам), Алматы облысы (1 543 588 адам), Астана (1 464 415 адам) және Шымкент (1 236 901 адам) кіреді.

Миллионнан аса халқы бар өңірлер қатарына Жамбыл (1 223 457 адам) және Қарағанды облыстары да (1 134 935 адам) кіреді. Ақтөбе облысы да осы шекке жақындады: 1 маусымдағы жағдай бойынша мұнда 943 615 адам тұрды.

Ел тұрғындарының басым бөлігі қалада қоныстанған – 12 552 583 адам. Ал елді менкендерде тұратын халық саны – 7 587 331. Әйелдер (10 302 166) ерлерге (9 837 748) қарағанда әлдеқайда көп.



Еске салайық, бүған дейін Германияның Жер тұрғындары қоры 2023 жылы әлем халқы шамамен 66 миллион адамға толыққанын хабарлады. Қордың мәліметінше, қазір жер бетінде 8 миллиардтан астам адам тұрады.

Талқылау