Қазақстан Халықаралық қайта құру және даму банкінен 271 миллиард теңге қарыз алады
Үкімет экономиканың тұрақтылығын қолдау үшін халықаралық қайта құру және даму банкінен (ХҚДБ) жаңа несие тартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: shutterstock
Депутат Татьяна Савельеваның мәлімдемесіне сәйкес, несиелік келісімге Астанада 11 қазанда қол қойылған. Оның сомасы – 84,9 млрд иен 270,7 млрд теңге), ал өтеу мерзімі – 11 жыл.
Жиналған қаражат республикалық бюджеттің бекітілген тапшылығы шегінде экономикалық тұрақтылықты сақтауға бағытталады.
Тиісті заң жобасы мәжілістің қарауына жіберілді.
Бұған дейін Ислам даму банкі (ИДБ) Қазақстанның су секторын дамыту жобаларына 1,15 миллиард доллар инвестициялайды деген ақпарат пайда болған. Қазақстанның Даму Банкі (ҚДБ) Италияның Cassa Depositi e Prestiti ұлттық даму институтымен 200 миллион еуро сомасына несиелік келісімге қол қойды. Бұл ретте Қытай Даму банкі де 282 миллион доллар қарыз береді.
Қазақстанның үш банктен алған несиелерінің көлемі 636 млрд теңгеге дейін өседі.