Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан халықаралық банктен 345 миллион еуро қарыз алады: Парламент заң жобасын қабылдады

Сенат депутаттары Қазақстан мен Халықаралық Қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау жайлы заң жобасын қарап, мақұлдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

еуро доллар

Халықаралық Қайта құру банкінен қарыз алу туралы келісімшартқа 24 тамызда қол қойылған. 

"Жылдың 2 шілдесіндегі ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес 345,7 млн еуро сомасындағы Қарыз туралы келісімге 24 тамызда қол қойылды. Қарыз толығымен бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталатын болады. Қаражат республикалық бюджетте көзделген әлеуметтік және басқа да мақсаттарға арналған бюджет шығыстарын жабуға мүмкіндік береді", – деді премьер-министрдің орынбасары және қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев

Министрдің сөзінше, Дүниежүзілік банктің қарызы Қазақстанға 11,5 жылға беріледі. Оның ішінде 2,5 жылға жеңілдік көзделген.

"Сыйақы ставкасы Еурибор және өзгермелі спредтен тұрады. Біржолғы комиссия да игерілмеген қарыз қалдығына есептелген резервтік комиссия 0,25% құрайды. Қарызға қызмет көрсету және оны өтеу келісімде белгiленген қаржылық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады", – деп түсіндірі Ерұлан Жамаубав.

Талқылау