Қазақстан ең қауіпсіз елдер тізімінде Армения мен Өзбекстаннан артта қалды
Қазақстанда қылмыс деңгейі төмендемей тұр. Numbeo әлемдік қауіпсіздік рейтингінде еліміз 137 елдің ішінде 98-орынға ие болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме беріп.

ТМД елдері ішінде Армения 10-орын, Өзбекстан 37-орын, Ресей-52-ші орынға жайғасып, Қазақстанды басып озған. Азаматтардың қорғалу жағдайы бойынша тек Қырғызстан мен Беларусь Қазақстаннан кейін орналасты. Әлемдегі ең қылмысы аз елдер – Катар, БАӘ және Тайвань. Рейтинг авторлары Венесуэланы да ең қауіпті деп санайды.
Қазақстан әлі де бұрынғы деңгейін сақтап келе жатыр. Бірінші жартыжылдықта елімізде 114 мыңға жуық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, олардың төрттен бірі — ауыр және аса ауыр құқық бұзушылықтар. Көбінесе елде ұрлық, алаяқтық және есірткінің заңсыз айналымы сияқты қылмыстар жиі тіркеледі.
Құрғақшылық пен астықтың шықпауы: Қазақстанда жақын арада қандай азық-түлік түрі қымбаттауы мүмкін
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді
2025 жылы Қазақстан қандай танымал тұлғалардан айырылып қалды?
Биыл қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, ғылымына үлес қосқан жайсаң жандар дүниеден өтті