Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда доллар қымбаттап, теңге бағамы құлдырады

Елімізде қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 4,97 теңгеге көтеріліп, 464,72 теңгеге өсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Ұлттық банктің 21 маусымдағы доллардың ресми бағамы 459,60 теңгеге өскенін мәлімдеді.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 462,05 теңге, сатылымы 464,51 теңге болып отыр.

Елордадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 461,98 теңгеден сатып алынып, 467,06 теңгеден сатылып жатыр.



Еске салайық, бұған дейін ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов теңгенің долларға шаққандағы бағамы құбылуына қатысты пікір білдіріп, қазіргі өзгерістер нарық пен ішкі экономикалық факторларға байланысты деп айтқанын жаздық. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасы 5,1% өсіп, бұл теңгенің 1,7%-ға нығаюына ықпал етті. 2024 жылдың басынан бері теңге де 1,7%-ға нығайып, жалпы 3,5%-ға нығайды. 

Талқылау