Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан чемпионаты әлемдік футбол рейтингінде 50 саты жоғарылады

Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFHHS) әлемдегі ең мықты чемпионаттардың жаңарған рейтингін жариялады. Оған Қазақстан премьер-лигасы да енді (ҚПЛ). Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Instagram/fc__ordabasy

2023 жыл қорытындысы бойынша ҚПЛ 50 сатыға көтеріліп, қазір 80-орында тұр. Қазақстан чемпионаты басқа елдердің ұлттық турнирімен салыстырғанда айтарлықтай жоғарылап кеткен. 

Италиялық А Сериясы 2023 жылғы ең мықты лига болып танылды. Ол Бразилия біріншілігін бірінші қатардан ығыстырды.  

IFFHS нұсқасы бойынша жылдың топ-10 үздік лигасы (жақшаның ішінде былтырғы орны): 

  1. (5). Италия – 1619,5 ұпай;
  2. (2). Англия – 1567;
  3. (3). Испания – 1447;
  4. (1). Бразилия – 1290,5;
  5. (4). Германия – 1282,75;
  6. (6). Франция – 1143,25;
  7. (7). Португалия – 1097;
  8. (8). Нидерланд – 1049,75;
  9. (14). Бельгия – 1004,75;
  10. (9). Аргентина – 966,5;

...82 (132). Қазақстан - 197,75.

 

Бұрынғы КСРО құрамындағы елдер ішінде ең үздік болып Украина лигасы танылды (24-орын). Ресей премьер-лигасы 59-орынды иеленіп, Беларусь біріншілігінен бір саты төмен орналасты. Өзбекстан чемпионаты он орынға төмендеп, 67-ші болып қалды. 

Рейтингтің толық нұсқасын мына жерден көруге болады. 

Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) мемлекеттің есебінен қаржыландырылатын командалардың маусым қорытындысы бойынша үздік бестікке кіруге деген ұмтылысын қолдамайтынын айтқан. 

“Біз клубтардың алдына қойылған барлық стратегияларды көтердік, зерттедік, бірақ олардың тек спортпен байланысты әрі түсініксіз мақсаты – үздік бестікке кіру. Мен мұндай міндетті түсінбеймін, футболды, бұқаралық спортты дамытуға баса назар аударылмайтын, футбол аудиториясы туралы түсінік жоқ мақсатты қолдамаймын. Сондықтан қаражат ешқандай мақсатсыз жұмсалып жатыр. Бюджетті тиімді жұмсау туралы міндет қойылмайды. Ал біз әрбір теңгенің әсері болғанын қалаймыз”, – деп түсіндірді ҚФФ басшысы. 

Талқылау