Қазақстан БҰҰ кеңесінде Украинадағы жағдайға байланысты қарарға дауыс беруде қалыс қалды
Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқығы жөніндегі кеңесі Украинадағы жағдайды тексеретін арнайы комиссия құрды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қарар ұйымның кезекті отырысында мақұлданды. Жобаны Украина тарапы ұсынған болатын. Дауысқа салынған құжатты 33 мемлекет қолдаса, 12 ел дауыс беруден қалыс қалды. Олардың қатарында Армения, Өзбекстан, Қазақстан мен Үндістан бар. Ал Қытай мен Эритрея резолюцияның қабылдануына қарсы болды.
БҰҰ-ның бұл отырысына Ресей қатысудан бас тартты. Енді мамандар Украинаның Киев, Чернигов, Харьков пен Сумы облыстарында адам құқығының бұзылу фактісін келесі жылдың басына дейін жіті тергейтін болады.
Айта кетейік, бұған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі агенттігі (БҰҰ БЖКБ) 2022 жылы Украинадан шамамен 8,3 миллион адам кетеді деп болжаған болатын.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"