Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Еуропаның ішінен азық-түлік шығындары бойынша бірінші орында: Тұрғындар табысының жартысын тамаққа жұмсайды

Еуропа елдерінің ішінде Люксембург тұрғындары азық-түлікке ең аз ақша жұмсаса, ең көп шығын Қазақстан тұрғындарында, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

азық-түлік

Рейтинг Еуропа мемлекеттеріндегі үй шаруашылықтары бюджеттері туралы ресми мәліметтер негізінде жасалды. Онда темекі өнімдері мен алкогольдік сусындарға, мейрамханаларға, кафелер мен қонақүйлерге баруға, сондай-ақ демалыс пен мәдени салаға жұмсалатын шығындардың үлесі туралы мәліметтер келтірілген.

Зерттеуге сәйкес, Люксембург тұрғындары азық-түлік сатып алуға қаражатының 8,4 %-ын ғана жұмсайды. Әрі қарай Нидерланды мен Ұлыбритания сәйкесінше 8,7% және 10,5% болды.

Қазақстанда қаржының жартысынан астамын, яғни 53%-ын азық-түлікке жұмсайды. Шығынның 35%-дан астамын Молдова, Солтүстік Македония, Беларуссия және Болгария тұрғындары азық-түлік өнімдеріне арнайды. Ал Ресейде 32,2%-ға тең.

Сарапшылар азық-түлік шығындарының үлесі жан басына шаққандағы ЖІӨ-мен тығыз байланысты екенін атап өтті. 

Алкогольдік сусындар мен темекі өнімдеріне жұмсалатын шығындардың ең төменгі үлесі Люксембург, Германия, Португалия, Кипр және Испанияға тиесілі. Шығын 1,8 %-дан аспайды. Румынияда (8,1%), Финляндияда (5,3%) және Болгарияда (5%) алкогольге жұмсалатын шығынның үлесі жоғары .

Тамақтану мен қонақ үй шығындарының ең үлкен үлесі Швейцарияда байқалады, ол 11,2%-ға жетті. Бірінші бестікке Греция (8,9%), Кипр (8,9%), Португалия (8,8%) және Ұлыбритания (8,7%) кіреді.

Румыния (1,4 %), Қазақстан (1,9%) және Молдова (2,2%) тұрғындарының кафелер мен қонақүйлерге жұмсалатын шығындары Еуропа бойынша ең аз. 

Демалыс және мәдениет шығындарының үлесі бойынша Австрия (13,4 %), Ұлыбритания (13%) және Швеция (11,5%) көш ,бастап тұр. Ал Қазақстан (1,5%), Черногория және Солтүстік Македония (2 %-дан аз) тұрғындары бұл салаға аз жұмсайды.

Талқылау