AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан азық-түлікке мұқтаж әлем елдеріне көмектесуді жалғастырады

Пандемияға байланысты Қазақстан мұқтаж елдерге азық-түлік жеткізуді жалғастыратын болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді. 

Пандемияның кесірінен жыл соңына қарай жер бетінде екі жүз жетпіс миллион адам аштықтың зардабын тартады. Әсіресе геосаяси жағдайы тұрақсыз Таяу Шығыс пен Оңтүстік Африка елдері азық-түліктен тарығуы әбден мүмкін. 

Қазақстан он жылдан бері "Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына" мүше елдерге миллиондаған тонна бидай мен ұн жеткізіп отыр. Төрт жыл бұрын осы ұйымға мүше мемлекеттерде тұратын алпыс төрт миллионнан астам адам аштықтың зардабын тартқан еді. Тамақ тапшылығынан келетін жыл сайынғы шығын – алпыс жеті миллиард доллар.



Азық-түлік дағдарысы биыл тағы да қайталануы мүмкін. Өйткені онсыз да көкөніс пен дәнді-дақыл өспейтін мемлекеттерде карантиндік шектеулердің кесірінен тамақ өнеркәсібі тұралап қалған. Ал саяси қақтығыс жиі болатын Ауғанстан, Конго, Ливия, Йемен секілді елдердің экономикасы жыл сайын құлдырап барады.

Азықтан тарықпау үшін не істейміз дегенді талқылаған ұйым мүшелері екі мың отыз бірінші жылға дейінгі стратегиялық жоспарларды бекітті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр