Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде Қазақстан азаматтарына 100 мың теңге сомасында өтемақы төленетіні туралы ақпарат тарады

Желіде “әрбір қазақстандыққа 100 мың теңге немесе одан да көп сомада мемлекеттен көмек көрсетіледі" деген хабарландыру тарады. Алайда бұл жалған ақпарат. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Хабарламада бұрын төленген қаражаттарыңызға байланысты өтемақы берілетіні айтылған. Ал шындығында ҚР-ның мемлекеттік органдарының ресми сайттарында да, бұқаралық ақпарат құралдарында да мұндай өтемақылардың бары туралы ақпарат жоқ.

Көбінесе мұндай хабарламаларды таратушылар "өтемақы алу" сұрауын жіберу үшін веб-сайтқа  сілтеме қалдырады. Онда өтінішті толтыру үшін жеке деректер мен банк картасының деректерін қалдыру керек. Бұл ескі алаяқтық схема.

Әртүрлі елдерде, соның ішінде Қазақстан, Ресей мен Беларусьте мұндай хабарламалар кеңінен таралған. Алаяқтар жеңіл ақшаға қол жеткізу үшін  мемлекеттен өтемақы төленетінін айтып, уәде етеді.

Талқылау